Отырарлық өнерпаздар Түркістанға келді

370

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қасиетті мекен Түркістан қаласының облыс орталығы атануына орай, Түркістан қаласында облыстың аудан, қалалары «Түркістанға сәлем» атты мерекелік-концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлайды.

Түркі дүниесінің алтын бесігі – Түнкістанға Отырар ауданының 150-ге жуық өнерпаздары  өнер сәлемімен келді.

Облыс орталығындағы мерекелік шарада отырарлық қолөнер шеберлері шеберлік сабақтарын өткізіп,  200-ден аса туындыларын көрсетті. Сонымен қатар, ауданның бурасан, апайтөс балуандары күш сынасып, арқан тарту, ләңгі тебу, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламаны ҚР мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева «Отырардағы той» әнімен ашып, белгілі әнші-сазгер Берік Сексенбекұлы «Түркістаным», «Шәуілдір кеші» сынды әндерді орындады.

Дәстүрлі әншілердің ән шеруі, халық аспаптар оркестрінің орындауындағы тамылжыған күйлер, аудан өнерпаздарының әндері мен мың бұралған билері мерекелік кешті жандандырып, мерекелік бағдарлама жастардың әуезді кешіне ұласты.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *