Астанада Америкалық суретші Хант Слонемнің көрмесі ашылды

370

5 қазанда америкалық суретші Хант Слонемнің «Хант Слонемнің экзотикалық әлемі: кескіндеме» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» РМҚК Баспасөз орталығы хабарлайды.

Хант Слонем – заманауи суретші, мүсінші және график, америкалық неоэкспрессонизмнің ең әйгілі өкілдерінің бірі. Ол ерекше композицияларында танылған экспрессионистік абстракция стилистикасын поп-арттың мәнерлі, жалынды, қызба элементтеріменбіріктіру шегінде тепе-теңдікті сақтайды. Оның ізденістері ХХ ғасырдың соңғы отыз жылы мен жаңа мың жылдықтың басындағы америкалық өнердің негізгі беталыстарын көрсетеді.

ҚР Ұлттық музейінің Баспасөз хатшысы Дәулеткерей Құсайынов: «Бұл көрмені суретшімен 20 жылдан астам уақыттан бері сәтті қызмет жасап келе жатқан Серж Сорокконың галереясы ұсынып отыр. Хант Слонем анималистік бағыттағы көркем шығармаларымен аты шыққан әлемге әйгілі америкалық суретші. Оның туындылары дүниежүзінің 80-ге жуық музейінде, соның ішінде, Метрополитен және Уитни секілді танымал музей орталықтарында сақталған. Көрмеқазақстандық көрермендерді ерекше әсерге бөлеп, көпшілік қызығушылығын тудыратынына сенім білдіреміз», — деді.

Америкалық суретшінің туындылары 2015 жылдан бастап посткеңестік кеңістіктегі көрермендер үшін де қол жетімді болды. Анималистік нео-экспрессионизм өкілінің көрмесі Қазақстанда алғаш рет 2018 жылы өткізілуде.

Өнертанушы Екатерина Резникова: «Көрмеден заманауи өнердің айшықтарын көруге болады. Суретшінің шығармашылығы неоэкспрессионизм стилімен ерекшеленеді. Хант Слонемнің туындыларында жануарлар бейнесі суреттелген. Ондағы қояндар, құстар мен көбелектер барынша ашық, қанық түстермен боялған. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл шығармалар табиғаттың шексіз сұлулығын насихаттап тұр. Бұл көрме бізді америкалық заманауи өнермен таныстырады», — деді.

Экспозиция автордың сюжетті және стилді ізденістерінің басты мәселелерін біріктіреді де, қазақстандық көрермендерге осы жарқын феноменмен танысуға мүмкіндік береді.

Көрме 2018 жылғы 11-қарашаға дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *