ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО-ның қосалқы мектебі 20 жылдық мерейтойын атап өтеді

316

Биылғы жылдың 19-шы қазанында ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО-ның қосалқы мектебі өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол Қазақ-Америка университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мектеп жылдан жылға   белсенді түрде дамып келеді және барлық жұмыс халықаралық білім беру жүйесі шеңберінде оқу үдерісін жүргізуге бағытталған.

1998 жылы ҚАУ мектебінің есігі ашылды, 2003 жылы ҚАУ жанындағы мектеп ЮНЕСКО-мен байланысты болды.

19 қазанда ҚАУ жанындағы мектептің мерейтойын мерекелеу бағдарламасы:

— ҚАУ жанындағы мектептің мерейтойына арналған кітап пен кино көрсетілімі;

— мектеп қонақтары, мұғалімдері, ата-аналары, студенттері мен түлектерінің құттықтаулары.

Мереке «Сәулет» мейрамханасында сағат 17: 00-де өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *