«Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне өтінімдер қабылдау басталды

393

Астанада «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.  Биыл дарынды жастар бес номинация бойынша бәсекеге түсетін болады. Байқау «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика» аталымдары бойынша өтеді. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Классикалық музыка» номинациясында келесідей ішкі номинациялар болады: «Үрмелі ағаш аспаптар», «Мыс үрмелі аспаптар», «Соқпалы аспаптар», «Камералық ансамбль». «Халық музыкасы» номинациясында жеңімпаздар «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Бас шертер», «Прима домбыра» аталымдары бойынша анықталса, «Хореография» номинациясында тек халық биін орындаушылар өнер көрсетеді. Ал «Журналистика» номинациясына екі бағыт қосылды — «Телевидение» және «Интернет ресурстар».  «Журналистика» «Шабыт» фестивалінің бағдарламасында соңғы рет 6 жыл бұрын болған. Биыл Астананың 20 жылдығын мерекелеуге орай аталған номинация қайта енгізілді. Байқауға мерейтойлық датаға және елордаға арналған телевизиялық бағдарламалар, деректі фильмдер (хронометражы 20 минуттан аспайтын) және Интернет ресурстардағы жарияланымдар қатысады.  Байқау 5-9 қараша аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Өтінімдерді қабылдау 25 қазанға дейін жалғаспақ. Әр номинация бойынша қатысу шарттарын www.shabyt.astana.kz және Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының www.madeniet-sport-astana.kz сайттарынан біле аласыздар.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *