Таразда халықаралық сән апталығы өтуде

416

Қазақстандағы Өзбекстан жылы шеңберінде Жамбыл облысы әкімдігі мен «Асыл Дизайн» сән үйінің ұйымдастыруымен кеше Таразда сән апталығы басталды.  Салтанатты шараның ашылуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова қатысып,  19 мемлекеттен келген қонақтарды салтанатты шараның ашылуымен құттықтады. 

 Алдағы күндерде шараны тамашалуға шетелдерден үш мыңға жуық турист келеді деп күтілуде. Сән апталығының аясында  Қазақ-Өзбек елдерінің іскер әйелдері бас қосып, мемлекетаралық шекаралық ынтымақтастықты орнату және туризм саласын дамыту жайын сөз етті. Жамбыл туризм қауымдастықтары мен Өзбекстан Республикасының ірі туристік компаниясы арасында екі жақты әріптестік меморандумға қол қойды.

Шара барысында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде тағам туризмін таныту бойынша семинарлар, шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Апта бойы шетелдік дизайнерлер өздерінің үздік сән үлгілерін көрсетеді. Белгілі сәнгерлердің көрсетілімдерінен басқа, 30 халықаралық дизайнерлердің киімдері ұсынылады және халықаралық дизайншылар конкурсы өтеді.

Гауһар Түстікбаева

«Қазақ газеттері» ЖШС




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *