Виктор мен Лейла Храпуновтарға қатысты үкім шықты

313

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейла Храпуноваға қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz

Храпуновтарды бірнеше миллионнан астам қаржы жымқыру мен мемлекеттік мүлікті иемдену ісі бойынша кінәлі деп тапқан сот Виктор Храпуновты 17 жылға бас бостандығынан айырды. «17 жылға бас бостандығынан айырылсын, сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін», — деді судья.

Лейла Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Олардың жазасын өтеу мерзімі нақты ұсталған сәттен бастап есептеледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *