Көпсалалы колледж ашылды

168

Түлкібас ауданына қарасты Т.Рысқұлов ауылында 200 бала емін-еркін білім алуға барлық мүмкіндік жасалған көпсалалы колледж ашылды. 2 жылда бой көтерген нысан заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Нұрбол Тұрашбеков, Түлкібас ауданының әкімі

— Түлкібас ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайын ары қарай қарыштап дамытуға колледж шәкірттері сүбелі үлес қосады деп сенемін. Біздің жастарымыз алысқа сандалмай осы жерден-ақ сапалы білім алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл білім ұясын ашқан құрылтайшыларға өз атымнан аудан халқы атынан алғысымды білдіремін.

Білім ордасы әзірге үш мамандық бойынша: «Мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері», «Мейірбике қызметі» және «Информатика мен ағылшын пәндерінің мұғалімдері»  маман  дайындай алады.

Түлкібас көпсалалы  колледжінің ашылу салтанаты мұғалімдер мерекесіне сәйкес келгендіктен, жаңа білім ордасының ашылу салтанатында бірқатар ұстаздың еңбегі еленіп, марапатқа ие болды. Жаңа оқу орнының басшысы Ләтипа Әбілдақызы Түлкібас ауданының 90 жыл мерекелік медалімен марапатталды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *