Әлемдік 500 хор әртісі Астанада өнер көрсетеді

386

«Астана — әлем дауысы» халықаралық фестивалінің гала-концерті аясында әлемдік және ұлттық шығармалар орындалатын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан хор дирижері» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған баспасөз конференциясында хабараланды. Жалпы шара 5 қазан күні басталған. Фестивальда шетелден келген өнерпаздардың достық концерттері өтіп, шеберлік сабақтары өткізілді. 10 қазан күні болатын фестивальдің соңғы күнінде  өнер сүйер қауымның назарына назарына гала-концерт ұсынылады. «Астана — әлем дауысы» фестивалі бес құрлықтың басын қосты. Қазақ елінде хор музыкасы жақсы дамыған екен. Болашақта екітарапты серіктестік орнатып, тәжірибе алмасуды жоспарлап отырмыз», — деді Хор музыкасы халықаралық федерациясының президенті Эмили Куо Вонг.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *