Алматыда «Кітаптар сиқыры» атты кітапхана түні шарасы өтеді

189

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық валютамыздың 25 жылдығы және Алматы қаласы кітапханашыларының күніне орай, қазанның 12 күні Алматыдағы С.Бегалин атындағы Орталық қалалық Балалар кітапханасында «Кітаптар сиқыры» атты кітапхана түні болады.

Он үшінші рет өткізілетін іс-шараның  «Түн» тақырыбы жас оқырмандарды ерекше қызықтыратыны орынды.

«2018 жылдың 12 қазаннан 13-не қараған түні оқырмандар мен қонақтарды кітапхана бұрыштарында қилы оқиғалы саяхат, тосын сыйлар мен қызықты олжалар күтіп тұр. Саяхатшылар сиқыршының үңгірінде болып, қазына іздеуге шығады. Іздеу барысында сиқырлы ақшалы банкке тап болады. Соңында кітапхана квестінде балалар құпиялы аралда зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Магиялы және сиқырлы ертегілерге саяхат басталарда қатысушылар 4 командаға бөлінеді. Олар шара соңында әр бекеттің берген тапсырмаларының бәрін орындап, өздерінің қызықты да, креативті саяхаттарын әңгімелейді», — дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетерлігі, «Кітапханадағы Түн» іс-шарасына тек шақыру билетімен кіруге болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *