Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

95

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Жээнбек Кулубаев тағайындалды, деп хабарлайды Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі.

Тағайындау туралы жарлыққа Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған. Бұған дейін Жээнбек Кулубаев Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Азия және Африка департаментінің директоры лауазымын атқарған. Ол 1963 жылғы 5 сәуірде Ыстықкөл облысының Чырпыкты ауылында туған. Мәскеу әскери институтын, ҚХР СІМ Дипломатиялық институтын (шығыстанушы) бітірген. Қырғыз, орыс, ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.  Осы уақытқа дейін Көрші республиканың мүдделерімен Қырғыз Республикасының Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Кайнарбек Токтомушев айналысып келген болатын.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *