«Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы өтеді

288

2018 жылдың 5 қарашасы Астана қаласында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі ұйымдастыруымен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы өтеді.

Форумға халықаралық ІТ-қоғамдастықтың танымал өкілдері, технологиялар саласындағы сарапшылар, кәсіпорындар басшылары, әр түрлі елдер мемлекеттік секторларының өкілдері, цифрлық әзірлемелер кәсіпқойлары, ғалымдар, сондай-ақ венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысады.

Digital Bridge – бұл халықаралық инновациялық қозғалыс қатысушыларын біріктіретін жаңа құрал, оның міндеті – цифрлық трансформация, электрондық үкімет, технологиялық кәсіпкерлік және 4-өндірістік революция идеяларын ілгерілетуге арналған Еуропа мен Азия елдері арасындағы диалогтік алаңды құру болып табылады.

Іс-шара аясында Қазақстандағы алғаш рет инновациялар саласындағы Digital Bridge Awards байқауы өтеді. Байқау ІТ-нарық пен мемлекеттік органдарды Қазақстандағы цифрлық трансформациялау аясында үздік нәтижелерге ынталандыруға мүмкіндік береді.

Digital Bridge Awards байқауы «Үздік цифрлық бастама», «Үздік цифрлық кеңсе» және «Үздік стартап» номинациялары бойынша үздіктерді анықтайды.

Сонымен қатар, Digital Bridge аясында Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі бастамасымен екі эксклюзивті іс-шара өткізіледі: Astana Hub Battle – Еуразияның 100 үздік стартаптары арасындағы байқау және Astana Hub Awards – Қазақстанның стартап-индустриясы саласындағы сыйлық тапсыру.

Технологиялық жобалармен айналысатын жас командалар бұл күні өз күштерін сынап, қазылар алқасы алдында өзінің зерттемелерін ұсына алады.

Astana Hub Awards сыйлығы аясында келесі номинациялар бойынша марапаттау жүргізіледі: «Жыл techpreneur-і»; «Жыл жаңалығы»; «Үздік технологиялық стартап»; «Мемлекеттік секторға арналған үздік IT-жоба»; «Жыл топжарғаны». Astana Hub Awards байқауы жыл сайын өткізіледі деп болжанады.

Digital Bridge қатысушылары мүдделі компаниялар, және де басқа қатысушылармен 30-минуттық 1:1 B2B кездесулерін өткізуге мүмкіндік алады.

Digital Bridge – биыл Қазақстанда өткізілетін басты инновациялық оқиғалардың бірі. Форум аясында әр түрлі елдер өкілдерімен цифрландыру тәжірибесімен алмасу, инвесторлар мен іскерлік әріптестермен кездесу өткізуге ерекше мүмкіндік жасалынады. Бірегей диалог алаңында 30-дан астам спикер цифрландыру саласында соңғы әлемдік трендтерді талқылап, үздік тәжірибелер мен бизнес-модельдермен бөліседі.

Спикерлер арасында — 500 Startups әріптесі Марвин Ляо; Startup Genome Бас директоры Жан Франсуа Готье; Hyperloop Transportation бас директоры Дирк Алборн; кәсіпкер, кеңесші және Стартап Академия менторы, стартап-тақырыбы бойынша көптеген бестселлердің авторы Боб Дорф; Галактика ғарыштық жеке меншік компнияның негізін қалаушысы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group негізін қалаушы Джефф Хоффман; UC Berkeley-да оқытушы және стартап бағдарламалар директоры Рик Расмуссен; Global Catalyst Partners халықаралық венчурлық капитал фирмасының Төрағасы және тең құрылтайшысы — Камран Элахиан; америкалық кәсіпкер және инвестор, TheFunded мен The Founder Institute бизнес-инкубаторы негізін салушысы және бас директоры Адео Ресси, басқа да әлемдік ІТ-қоғамдастықтың танымал сарапшылары бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *