БОЛАШАҚ СУЫ

163

2018 жылдың 5 қазан күні Астана қаласында емдік қасиетке ие ЖЕҢІЛ судың феномені бойынша әлемдегі ең алғашқы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. ЖЕҢІЛ су – құрамында дейтерий мөлшері төмен су. Яғни ондағы дейтерий (ауыр сутегі) мұхит деңгейінен едәуір төмен (155 ppm).

Конференцияға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Венгрияның сумен жабдықтау саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының, университеттерінің және өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекші ғалымдары қатысты. Олар денсаулық үшін ЖЕҢІЛ суды зерттеу және пайдалану жолындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қоса конференцияға ЖЕҢІЛ табиғи минералды ауыз суын (TURAN маркасы) өндірісте құятын әлемдегі жалғыз қазақстандық зауыт «Көкшетау минералды сулары» (Қазақстан) қатысты. Ол зауыттың су кен орны әлемге әйгілі ЖЕҢІЛ сулардың кен орындарының бестігіне кіреді (Антарктида мұздықтары – 98 ppm, Бурабай шипажайының аймағы (TURAN) – 133 ppm, Байкөл өзені – 137 ppm, Колорадо штаты– 137 ppm, Грузия таулары – 139 ppm).

Ғылыми зерттеулердің ақпараттары бойынша ЖЕҢІЛ су имунномодельдеуші, қабынуға қарсы, жасартушы қасиеттерге ие. ЖЕҢІЛ судың зерттеулері салыстырмалы түрде жақында ғана басталды (60 жылдан артық емес). Толыққанды клиникалық зерттеулер қазіргі таңда тек Венгрияның онкологичя клиникаларында ғана өткізілген болатын. Нәтижесінде науқастардың емделіп, жағдайлары анағұрлым жақсарғандығы байқалған.

Әзірше ЖЕҢІЛ суды негізінен жасанды түрмен алады. Оны буландыру әдісін қолданып немесе ауыр (дейтерийлі) суды шығаратын өндірістік «ағынды» суды дейтерийден босату арқылы алады. Өндірісте ауыр (дейтерийлі) суды ядролық өнеркәсіпте нейтрондарды баяулату үшін пайдаланады.

БҰҰ-ның 2030 тұрақты даму бағдарламасына Жер шарының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімі кіреді. ДДСҰ ақпараттары бойынша, тұрғындардың ауруының 60% себебі олар тұтынатын тамақ пен судың сапасына тікелей байланысты. Осыған орай қазіргі таңда ауыз судың құрамына байланысты биологиялық әсерлерді зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Санитарлық-гигиеналық қадағалау департаментінің басшысы Марал РАХИМЖАНОВА айтып кеткендей: «Бөтелкедегі суды өндіруді қамтамасыз етудегі немқұрайлылық әлі де өндірушілерге өндірілген судың нақты құрамын және көзін көрсетпеуге мүмкіндік береді. Ол халықтың денсаулығына әсер етіп, көптеген созылмалы, жазылуы қиын аурулар пайда болады. Сондықтан Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті құрылды. ЖЕҢІЛ судың рөлі денсаулық сақтауда өте маңызды болғандықтан, біз халықты толығымен ақпараттандыруымыз керек. Халық судың қандай түрлері болатындығын, оны қалай, қандай мөлшерде ішуге болатындығын білуі керек».

Еуропада қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды емдеуде ЖЕҢІЛ суды пайдаланудың айтарлықтай оң тәжірибесі пайда болды. Венгриялық зерттеуші Габор ШОМЛАЙ-дың айтуы бойынша «Біз ЖЕҢІЛ су бойынша 30 жыл бойы зерттеулер жүргізіп келеміз және біздің нәтижелеріміз жасушалық функцияларды, жасушалық метаболизмді, ДНҚ мен ақуыздың тұтастығын қалыпқа келтіру үшін маңызды екенін дәлелдеді. ЖЕҢІЛ су қазіргі заманғы онкотерапияның тиімділігін арттыра алады. Осы ғылыми жұмысқа әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің және институттарының ғалымдары біріккендігін көру мен үшін қуаныш. ЖЕҢІЛ суын қолдану арқылы өнімдер мен емдеу әдістеріне үлкен сұраныс бар, өйткені әлемде, тіпті ең дамыған елдерде де ісік аурулары және метаболикалық аурулармен ауыратын науқастардың саны артып келеді» -деді.

Осы күнге дейін әлем бойынша тек төрт ЖЕҢІЛ судың қайнар көздері белгілі болған. Қазақстандағы ЖЕҢІЛ судың қайнар көзінің барын, тек осы коференцияда біраз ғалымдар ести алды. Д.И. Мендлеев атындағы Ресейдің химиялық-технологиялық университеті сутегінің энергетикасы мен изотоптар технологиясының кафедрасының жетекші ғалымы, техникалық ғылымның кандидаты СЕЛИВАНЕНКО Игорьдің пікірінше: «Қазақстанда табиғи 133 ppm ЖЕҢІЛ судың барын бүгін алғаш рет естіп тұрмын. Айта кетейін, сіздердің елдеріңіздің жолы болған екен. Табиғи ЖЕҢІЛ судың қайнар көздері әлем бойынша – Якутияның сулары 136 ррм, Колораданың сулары 137 ррм, Байқал – 137 ррм, Кавказдың минералдық сулары 139 ррм. Ал, басқа бөтелкеге құйылған ЖЕҢІЛ сулар, шикізат ретінде 18 оттегі ауыр суларды өндіру кезіндегі шыққан үстеме өнімін қолданады. Бұл сулар: Ресейде — «Лангвэй», Израильде — «Ротем», Румынияда — «Кларивия», Венгрияда — «Превента» болып табылады. Жасанды жолмен алынған ЖЕҢІЛ сулардың бағасы – бір литрі 30 доллар тұруы мүмкін. Себебі, ЖЕҢІЛ суды жасанды жолмен алу өте үлкен қуат көлемін шығындайтын өндіріс.

Конференцияда Қазақстан Республикасында ЖЕҢІЛ жер асты ауыз суының табиғи көзқайнарының бар екендігі хабарландырылды. Ол TURAN суы, оның құрамында құнды макро- және микроэлементтер бар және құрамындағы дейтерий мөлшері аз. Asia Waters компаниясының құрамындағы «Көкшетау минералды суларының» ғылым саласының директоры, гидрогеолог, минералдық ресурстар Академиясының мүшесі, валеология академиясының мүшесі, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Евгений Пятовтың пікірінше: «Қазақстандағы TURAN атты саудалық атауы бар су еліміздің өте сирек, әрі құрамындағы аз дейтерийі бар қайнаркөзден шығарылытан ЖЕҢІЛ суы болып табылады. Дейтерий бойынша TURAN Байкөл суларына ұқсас, бірақ Байкөл суларының физиологиялық критерийлері бойынша минералдық толыққандылығы аз. Физиологиялық толлықанды су – ол адам организмінің функционалдық жүйесін тұрақтандыратын ауыз су. Дені сау болу үшін, адамдар нақты химиялық құрамы бар суды ішу қажет. Бұл дегеніміз – үйлесімді тұзды құрам, минерализация мен қаттылық, белсенді биологиялық элементтердің болуы. Ол – үйлесімді концентрацияда кем әрі көп емес мөлшерде су құрамында кальций, магний, йод, фтор, гидракарбонаттың болуы. Біздің су дистиллятқа айналмайды, жасанды тұздармен ауқаттанбайды және жасанды жолмен минерал алмайды».

ЖЕҢІЛ сулар бар жерде адамдар тарихи ұзақ өмір сүреді және денсаулықтары мықты болып келеді. Қазақстанда әлі ондай өлшем жүргізілген жоқ. Бірақ, еліміздің радиоактивті элементтер мен радиоактивті жер асты суларының қайнаркөздерінің географиялық орнына байланысты экологиялық күйінің ауырлығын ескерсек, тау-кен қазу және өңдеуші өнеркәсіптің барынша көп табиғи ЖЕҢІЛ суларды көбейткен жағдайда ғана басым болады. Сонымен қатар, қазақстандық ЖЕҢІЛ суды клиникалық зерттеу қажет, және оның онко-аурулардың емдеуі мен терапиясына әсерін байқау қажет.

Қазақстанның әрбір азаматына Қазақстанның ЖЕҢІЛ суы максималды түрде жету үшін және осы мәселеде ұлт денсаулығы үшін Қазақстан білімін жетілдіру шеңберінде Қазақстан Республикасының ғылым қоры ғылыми зерттеу грантын бөлді. Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Медициналық орталығының бастығының орынбасары Айдар ДОКЕНОВТЫҢ айтуынша: «Адам денесі үшін судың қандай рөл атқаратынын бәрі біледі. ЖЕҢІЛ ауыз суының бірегейлігі Қазақстан, АҚШ, Жапония, Қытай және Венгрия ғалымдары тарапынан дәлелденді. Адам ағзасына жағымды әсер етудің кең ауқымы өмір сүру сапасына жақсы әсер етеді және ұзақ өмір сүруді ұзартады. 2015 жылы Президент ісін басқару бойынша Медициналық Орталығының құрамында белсенді ұзақ өмір сүру ұзартуға байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу үшін геронтология және қартаюға қарсы медицина орталығы ашылды. Бұл конференция ғылыми қоғамда қажет. Конференция шешімінде көрсетілетін ғылыми деректермен алмасу, практикалық тәжірибе клиникалық медицина саласындағы медицина қоғамдастығының хабардарлығын арттыратынына сенімдіміз».

Бұл туралы ҚР ғылым қоры жобасының дирекциясының басшысы Арман АШКИН хабарлады: «Қазақстан Республикасы Президентінің 5 институционалдық қадамды іске асыру бойынша «100 нақты қадам» атты 64-ші қадамын жүзеге асыру шеңберінде 2015 жылдың соңында «Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциализациялау туралы» заң қабылданды және Ғылым қоры ең озық жобалардың бірі төменгі детерий мазмұнымен (жеңіл сумен) толыққанды табиғи минералды суы бар «Көкшетау минералды сулары» АҚ-на жүзеге асыруға грант бөлді.

Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар ЖЕҢІЛ судың биологиялық жүйелерге, тірі ағзаларға, адамдарға әсерін әрі қарай зерттеу үшін бірлескен жұмыс тобын құруға келісті. Ғылыми қоғамдастыққа және мүдделі тұлғаларға зерттеу нәтижелері туралы ақпарат беріп, жетекші ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференция өткізуді жоспарлады. ТМД елдері мен басқа да елдер осы саладағы ірі бизнесті индустриалдық өндірісті құру әлеуетін қарастыру мәселесін алға тарта отырып, өзара негiзде Қазақстан, Ресей және басқа да елдегі дейтерийдің төменгі мазмұны бар жасанды жеңіл судың өндірісін бастап көрмек.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *