Қорғаныс министрлігі мен Шымкент әкімдігі арасындағы меморандумға қол қойылды

77

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының төрағасы, генерал-майор Мұхамеджан Таласов өзара меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тараптар жастарға  әскери-патриоттық тәрбие беру саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттауда ынтымақтастық орнатып,  өзара іс-қимыл жасауға келісіп, әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеуге келісті. Маңызды құжат арқылы әскери қызметтің беделін арттыруға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар өткізілетін болады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта кадет сыныптарын және әскери-патриоттық клубтарды ашуда мүдделі органдармен, республикалық, өңірлік жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасалмақ. Әскери-патриоттық үйірмелерде, кадет сыныптарында,  білім мекемелерінде, оқушылар сарайында, демалыс лагерьлері мен спорт лагерьлерінде өзге де жастар ұйымдарының жұмысы бойынша бірлесіп,  шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *