Астанада «Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі дараландырылған тәсілдеме» атты конференция өтті

1083

Бүгін Астанада «Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі дараландырылған тәсілдеме» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты мен Астана әкімдігінің Онкология орталығы ұйымдастырды.

Конференцияда сөз алған Қазақстан паллиативтік жәрдем қауымдастығының президенті, «Қатерлі ісікпен күресейік» қоғамдық қорының атқарушы директоры Гүлнар Кунирова Қазақстандағы әр адам өмірге қауіп төнген диагнозға тап боғлан адамдар ауруынан тексерілген дәрі-дәрмектерге, басқа да ауырлық симптомдарды басудың тиімді әдістеріне, хоспистер мен паллиативтік бөлімшелердің қызметтеріне, дәрігерлерді, медбикелерді, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді қамтитын кәсіби мультидисциплинарлық топтарға қол жеткізуге мүдделі екенін айтты. «Биыл қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Біздің елімізде паллиативтік жәрдемнің үздік стандарттарын енгізу идеясына берілген адамдарды біріктірудің және депутаттық корпус пен онкологиялық қоғамдастықтың қолдауының арқасында денсаулық сақтау министрлігінің осы саладағы кормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі бірқатар іс-шаралардың арқасында паллиативтік жәрдем одан әрі дамыту үшін қуатты серпін алды», — деді ол.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *