Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы кім?

560

 Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы  Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды. Ол 20 қазан күні АҚШ-тың Бостон қаласында американдық боксшы Мэтт Догертимен жұдырықтасады. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы төртінші жекпе-жегі болмақ. Кештің басты айқасы Билли Джо Сондерс пен Деметриус Эндрейд арасында өтеді.

Айта кетерлігі, Данияр Елеусінов 4 тамыз күні өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша алға шығып, айқын басымдылықпен жеңген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *