Атырауда әлеуметтік мекемелерге 5 мың ағаш отырғызылады

175

Бұл тапсырманы қала әкімі аппараттың кезекті жиынында тапсырды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы кезекті аппарат жиналысы кезінде ТКШ бөліміне әлеуметтік мекемелерге ағаш отырғызуды және көгалдандыруды тапсырды.
Биылғы жылы күзде мектептердің, ауруханалардың, балабақшалардың және басқа да мекемелердің айналасына 5 мың ағаш отырғызылады және оларға тиісті күтім жасалады. Сондай-ақ,жаңадан салынған нысандардың айналасын да көгалдандыру қажет, — деп тапсырды қала әкімі ТКШ бөлімінің басшысына.
Сонымен қатар, облыс орталығында көшелерді қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмыс жасайтын мердігер мекемеге әрбір құлаған ағаш орнына 5 жасыл желекті отырғызуға тапсырма берілді.
Атырауда 15 қыркүйекте қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жоба басталды. Мен қала тұрғындарын, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың басшыларын қоршаған ортаны тазалауға, сондай-ақ облыс орталығын көгалдандыруға белсене қатысуға шақырамын,- деді қала тұрғындарына Алимухаммед Құттұмұрат-ұлы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *