Француздық ғалымдар Түркістанның туристік әлеуетіне жоғары баға берді

349

Түркістан қаласына Орта Азия мемлекеттерін зерттеп жүрген атақты француздық ғалымдар  келді. Қонақтар әуелі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған Қ.А.Ясауи кесенесі мен ондағы тарихи жәдігерлермен танысты, деп хабарлайды  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кейін ғалымдар орта ғасырда атақты Сауран қаласына ат басын бұрды.  Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  ескі Сауран қаласы болашақта барлық туристер келіп тамашалайтын мекенге айналатынын атап өтті. Сондай-ақ, Түркістан облысына келетін қонақтарға арнайы туристік бағыттар құрылып, сервистік қызметтер жанданатынын тілге тиек етті.

Еуропаға белгілі этнограф, тарихшы Франсуаз Ленобль бастаған француз ғалымдары одан соң Түркістанда бой көтеретін жаңа ғимараттар мен Қ.А.Ясауи кесенесі айналасында салынатын шығыстық үлгідегі эскиздік жобалармен танысты.

Шетелдік қонақтар қасиетті Түркістанның туристер ошағына айналатынына сенім білдірді. Олар сондай-ақ,  туристерді тарту үшін насихатты жұмыстары қолға мықтап алынып, тарихи нысандар жөніндегі ақпараттық жүйелер күшейтілсе, өңірге келетін қонақтар саны артатынын алға тартты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *