Ұшқын Жамалбек «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің саундтрегін жазды

273

Толықметражды анимациялық «Мұзбалақ» фильмінің саундтрегінің әні мен сөзін жас талантты әнші — Ұшқын Жамалбек жазған және автор әнді өзі орындап шыққан. Сонымен қатар, әннің музыкалық әрлеуіне этно-фольклорлы «Қазсақ» тобы да қатысқан, — деп хабарлайды Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

Мен мультфильмді көріп, керемет әсер алдым. Фильм біздің салтымыз және қыран құсын қолға қалай үйреткеніміз туралы баяндайды. Фильмге арнап төрт ән жаздым. Соның біреуіне клип түсіреміз дегенде қатты қуандым, — деді Ұшқын Жамалбек.

Музыкалық клип Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Видео-клиптің режиссерлері картинаның авторлары – Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы. Ал операторы – Айдын Мақсат.

«Мұзбалақ» мультфильмі отандық прокатқа 2018 жылдың 18 қазанынан бастап шығады. Адам мен бүркіттің достығы туралы баяндайтын картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *