Сбербанк және Visa шектеусіз Cashback бар арнайы карта шығарды

666

Сбербанк халықаралық Visa компаниясымен серіктестікте бірегей дизайндағы және 1,3% Cashback бар «Gold» деңгейіндегі «ALL IN» дебеттік карталарының жаңа сериясын шығарды. Бұл туралы «Сбербанк» АҚ ЕБ Маркетинг және коммуникациялар басқармасы хабарлайды.

Visa ALL IN картасының бірқатар басымдылықтары бар:

Карта тегін ашылады.

Келесілер үшін комиссия алынбайды:

* жылдық қызмет көрсету;

* түгел қызмет көрсету мерзімі үшін;

* Қазақстанның кез-келген банкоматынан айына 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақша алған жағдайда^

* Ресей аумағындағы кез-келген Сбербанк банкоматынан айына 50 000 АҚШ долларына (баламада) дейін ақша қаражатын алған жағдайда;

* қызмет көрсетудің барлық мерзіміне SMS-банкинг үшін;

* Қазақстанда желі ішінде «Сбербанк Онлайн» интернет-банкинг жүйесінде аударым жасаған кезде.

Төлем картасымен сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында төлем картасымен төлеген кезде, сондай-ақ, ғаламтор дүкендерінде онымен есеп айырысқан кезде ай қорытындысы бойынша сатып алу сомасының 1,3% мөлшерінде Cashback ақша қаражаты түрінде картаға қайтарылады. Бұл ретте есептелінетін Cashback-тың ең жоғары сомасы шектелмеген.

Жаңа картаның дизайны Қазақстанның бірегей ландшафты стиліне негізделген.

«Ұшы-қиыры жоқ көк аспан, биік тау шыңдары, еркін ұшып келе жатқан бүркіт және шексіз де шетсіз кең дала — Сбербанк жаңа картасының шексіз мүмкіндіктерін білдіреді, — деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Алексей Акимов, — Бұл өз ақшаңызға тек ұқыпты қарауға ғана емес, сондай-ақ ұсталынған ақшаның бір бөлігін қайтару арқылы тиімді түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы өнім. Сондай-ақ, Cashback шектеусіз: карта иегері көбірек ақша ұстаған сайын ай соңында карточкалық шотқа көбірек ақша қайтарылады».

Қосымша басымдығы — «ALL IN» картасынан әлем бойынша халықаралық төлем жүйелерінің кез-келген картасына аударымды жүзеге асыру мүмкіндігі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *