«Шымкент-2018» марафоны өтті

252

Мемлекет басшысы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауында ұлт — саулылығына ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгін де, ұлт — саулығын нығайту және халықты жалпы спортқа баулу мақсатында Шымкент қаласында «Шымкент-2018» марафоны өтті.

Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мен Ресейден келген 4000-нан астам адам қатысты. Марафон Қонаев даңғылындағы «Royal» фитнес-клубынан басталып, Наурыз алаңындағы (Бәйдібек би) мәре сызығымен аяқталды. Марафон қашықтығы 5 км, 10 км, 21 км және 42 км қашықтықтарға бөлінді. Әр қашықтықта түрлі жастағы қатысушылардан жеңімпаздар анықталды. Марофон жеңімпаздарын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай құттықтады. Шымкентте халықаралық дәрежедегі марафон алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін қаламызда жартылай марафондар өткен болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *