«ВАСТРАМ: ҮНДІ ТОҚЫМАСЫНЫҢ ӘСЕМ ӘЛЕМІ» көрмесі өтеді

649

Ертең, яғни 16 қазан сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің Свами Вивеканда атындағы Мәдени орталығы Ұлттық музеймен бірлесіп «ВАСТРАМ: ҮНДІ ТОҚЫМАСЫНЫҢ ӘСЕМ ӘЛЕМІ» атты дәстүрлі үнді тоқымасының көрмесін ашады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баспасөз бөлімі хабарлайды.

Көрме Мохандас Карамчанд Гандидің (1869-1948) туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралардың бірі болып табылады. Мерекелік шаралар 2018 жылдың 2 қазанында басталып, 2020 жылдың 2 қазанына дейін жалғасады.

Махатма Ганди (1869-1948) өзінің бейзорлыққа негізделген құралдарын қолдана отырып миллиондаған адамдарды империализмнің езгісінен құтқарды. Империализмге қарсы күресінде ол Хадиді — Чаркхаға немесе айналдыру дөңгелегіне оралатын иірімжіпті – ауыл тұрғындарының өз бетінше жұмыспен қамтылу және көпшіліктің өзін-өзі қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланған болатын.

Дәстүрлі үнді тоқымасының көрмесін әйгілі суретші және модельер Шелли Джоти арнайы Үндістанның мәдени байланыстар кеңесі үшін әзірлеген.

Көрме 2018 жылдың 25 қазанына дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *