Тегін пәтер алушылардың саны азаюы мүмкін

683

Қазақстанда мемлекеттік үй қорынан тегін пәтер алушылардың санын қысқарту көзделіп отыр. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң концепциясында айтылған. Әзірге концепция жоба түрінде ашық үкімет порталына қоғамдық талқылауға ұсынылған. Жобаны ұсынушы – ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлік.

Сонымен жеңілдікпен тұрғын үйге ие болушы 19 категориядан тек 8-ін ғана қалдыру жоспарланып отыр. Олар:

  • Мүгедектер мен ҰОС (Ұлы отан соғысы) қатысушылар;
  • Жетім және әке-шешесінің қамқорлығынан айрылған балалар;
  • Мүгедектерге және ҰОС қатысушыларға теңестірілген жандар;
  • І және ІІ топтағы мүгедектер;
  • Мүгедек-балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • Кейбір ұласпалы аурулардың ауыр түрімен ауыратын науқастар;
  • Көп балалы отбасылар;
  • Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін орындау барысында қаза тапқан жанның отбасылары (әскери қызмет, ғарышқа сапар кезінде немесе дайындық барысында көз жұмғандардың отбасы, адам өмірін құтқару немесе, қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқандар).

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше қазір кезекте тұрғандардың саны – 492 мың адам. Бұл 2012 жылғымен салыстырғанда 3,3 есеге артық.

Айта кетерлігі, құжат қоғамдық талқылауға ұсынылып отырғандықтан, оған қатысты пікірін әркім білдіре алады және заңның талқылауына қатысуына мүмкіндігі бар. Ол үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1993853 сілтемесіне басу керек.

Есен Байнұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *