Әкімдердің жалақысы

705

 

Ақпарат құралдарында бір облыс әкімінің және бір қала әкімінің айлық жалақылары жарияланды.

Қарағанды облысы және Көкшетау қаласының әкімдері. Мәселен, www.tengrinews.kz сайты Көкшетау қаласы әкімінің, Қарағанды облысы әкімі аппаратының  баспасөз қызметі  Қарағанды облысы әкімінің жалақысы туралы мәлімет береді.

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржикпаевтың айлық жалақысы – 451 627 теңге екен. Алайда, әкімшілік берген мәліметінде бұл сомаға салық кіре ме, әлде салық ұсталып қалғаннан кейінгі сома ма ол жағы ашып айтылмаған. Ермек Маржикпаевтың 2017 жылғы жылдық табысы – 6 145 112 теңгеге жеткен. Бұл қаржыға оның түрлі сыйақылары мен үстеме табыстары еніп отыр.

Ал Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа есептелген айлық жалақы — 967 672 теңге. Түрлі салықтар мен міндетті төлемдерді алып тастағанда, 786 642 теңгені қолына алады екен. Ал жылдық табысы — 11 миллион теңгеден сәл асады.

www.kazgazeta.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *