Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды

318

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы бүгін сағат  8:10 минутта жер сілкінісін тіркеді.

 Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 452 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12.9. MPV тербелісі — 5.6. Эпицентр координаты  44.40° с.ш. 82.27° в.д. Тереңдігі — 10 шақырым. Облыстық ТЖД деректеріне қарағанда, Алматы облысының Райымбек ауданы Шалкөде мен Нарынқол ауылдарында, Ұйғыр ауданы Кетмен ауылында  2 балдық жер дүмпулері сезілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *