Германиядағы әлемдік кітап көрмесіне қазақ тіліндегі кітаптар қойылды

359

 Франк-фурт қаласында  әлемдегі ең ірі кітап көрмесі — 70-кітап жәрмеңкесі өтуде. Шараға 110 елдің баспаханалары қатысып отыр. Біздің елімізден көрмеге «Алматы кiтап», «Фолиант», «Атамұра» және «Мектеп» баспаларынан жарыққа шыққан оқулықтар, балалар әдебиеті мен жаңа басылымдар әкелінді.  Абайдың қара сөздерінен бастап, Мұхтар Әуезов, Мыржақып Дулатовтың шығармалары, сондай-ақ Алматы және қазақтың дәстүрлі аңшылығы мен оюлары туралы жинақтар, Зәуре Төреханованың «Әминә көшпенділер елінде» кітабы, Н. Зенкович «Назарбаевтай болғым келеді», «Астана архитектурасы» альбомы және басқа да соңғы жылдары жарық көрген жаңа кітаптар қойылған.

Франкфурт жәрмеңкесі — жыл сайын қазан айының ортасында дәстүрлі түрде өтетін баспаханалар, редакторлар, аудармашылар мен  иллюстраторлар үшін маңызды шара.   Қазақстандықтар да біраз жылдардан бері бұл көрмеге тұрақты түрде қатысып келеді. Биылғы жылы 300 мыңдай адам қатысқан көрме технологияның қарыштап дамығанына қарамастан, әлемдік рухани мұраға деген халықтың қызығушылығы әлі де жоғары екенін дәлелдеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *