Мектеп түлектері жарты жыл бұрын оқуға түсе алады

164

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялады.

«Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, қаңтардан бастап мектеп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Төртіншіден, шетел азаматтары, соның ішінде қазақ диаспорасы үшін стипендиялық бағдарламалар енгізіледі. Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Сондай-ақ магистратурада гранттар студенттерге беріледі және жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігі болады», — деді министр Үкімет отырысында.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *