2018 жылғы ІI тоқсанда жұмыссыздар саны 49,6 мың адамды құрады

315

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында – Алматы қаласы статистика департаментінің басшысы Қарғұлов Бағлан Абайбекұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Бағлан Абайбекұлының сөзіне сүйенсек, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары бойынша:

Тұрмыс деңгейі

2018 жылғы IІ -ші тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалауы бойынша 139662 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы IІ -ші тоқсанға қарағанда 7,6 % жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 1,5%-ға өсті.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2018 жылғы ІI тоқсанда жұмыссыздар саны 49,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,2% құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2018 жылғы қыркүйектің соңына 9870 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,0%.

2018 жылғы IІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 204740 теңгені құрады.

Бағалар

Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы қыркүйекке 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,4% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 2,5%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағалары – 4,3%-ға, ақылы қызметтердің – 3,6%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2018 жылғы қыркүйекке 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7%-ға өсті.

Өңірлік экономика

2018 жылғы 1-ші жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 4 800,2 млрд. теңгені құрды. 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің өсуі 2,8 % құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 7,6% құрады, қызмет көрсету – 85,5%.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 488926,6 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 18,5%-ға артық.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 122 919 бірлікті құрап, 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 121 132 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 66 831 құрады, оның ішінде 65 370 бірлік – шағын кәсіпорындар.

Сауда

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,2%-ды құрады.

2018 жылғы қаңтар — қыркүйекта бөлшек сауда көлемі 2125,1 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 112,9%-ды құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаңтар — қыркүйекта көтерме сауда көлемі 7499,3 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар — қыркүйекпен салыстырғанда 101,5%-ды құрады (салыстырмалы бағада).

Экономиканың нақты секторы

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 639,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке 3,8%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,2%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 5,9%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 21,3%-ға кеміді.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі 5023,9 млн. теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 3,4%-ға артты.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 220283,1 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 5,8% -ға артық. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 101,2%-ды құрды.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 18 573 млн. ткм құрап, 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,9%-ға өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 29 464 млрд. жкм құрап, 8,9 % артты.

Қаржы жүйесі

2018 жылғы II тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 84,2 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 3,5%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 33,4%-ды құрады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *