АШТЫҚ ЖЫЛДАРЫНДА ҚЫТАЙҒА ЖҮЗ МЫҢДАЙ АДАМ АУДЫ

1032

«Аштық» тақырыбы аз айтылған жоқ. Бұл мәселе жан-жақты зерттелді де. Алайда, осы мәселеге деген постсоветтік елдердің көзқарасының әртүрлі болуы – әлі күнге дейін оны сан-саққа жүгіртуге негіз болып отыр. Жақында ресейлік www.ia-centr.ru сайтында Сергей Масаулов деген автордың «Россия-Казахстан: О вреде войн памяти» атты мақаласы жарияланған. Мақала авторы мемлекеттердің негізінде миф жатқандығын айта отырып, аштық тақырыбын да қазақтардың белгілі бір деңгейде идеализация жасап алғандығын сөз етеді. «Қырғызстанға ауған қазақтар неге аман қалды? Қазақстандағы қазақтар неге көп қырылды. Әлде Советтер билігі қазақтарды қыруды мақсат етті де, қырғыздарға қырғидай тимеді ме? Әлде Қазақ билігі советтік идеологияны қырғынға әдейі айналдырып жіберді ме? Бұндай идеяны туындатып жүрген жалған тарихшылардың үгіт-насихаты. Қуантатыны сол, Қазақстанның қазіргі билігіндегі идеологтар тарихқа салиқалы сарабдал саясатпен баға береді. Соның арқасында санадағы соғыс зардаптары өршіген емес» деген түйін жасайды. Жалпы, «аштық тақырыбы» қаншалықты зерделенді, қалай зерттелді? Оған қандай баға берілді? Аштықты зерттеп жүрген ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбековті әңгімеге тартқан едік.

                                                                                    

Сұхбаттың толық нұсқасын «Ана Тілі» газетінің келесі санынан оқи аласыздар!

 

Әңгімелескен Есенгүл Кәпқызы

Видеограф Жанарбек Әлихан

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *