Шардарада «Safari Shardara» фестивалі өтеді

455

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үстіміздегі  жылдың 26 қазан күні Шардара қаласындағы суқойма жағалауында алғаш рет халықаралық «Safari Shardara»  фестивалі  болады.

Фестивальде құмдағы автокөліктер жарысы мен композициялық «Rock racing» шоуы өтеді. Сондай-ақ, қонақтар түйешілер жарысын, бүркіт пен қаршығаға құс ілдіріп, түлкі салдырған саятшылардың халықаралық сайысын тамашалайды. Фестиваль аясында мотобайкерлердің мотокросс өнері, желкенді қайық жарысы, академиялық есу түрі, жағажай волейболы мен футбол жарыстары, балық аулау сайысы өткізіледі.

Бұдан басқа, қазақша күрес, гир көтеру жарыстары мен бөренеге өрмелеп шығу, қошқар көтеру секілді спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады.

«Safari Shardara» фестивалінде әйгілі өнер жұлдыздары, цирк өнерпаздары мен акробаттары өнер көрсетеді.

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *