Дархан Кәлетаев Ватикан мен Ресейдің дін өкілдерімен дінаралық диалог мәселелерін талқылады

669

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі аясында екіжақты кездесулер өткізді, атап айтқанда, Құқықтық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі Папалық кеңесінің құрметті төрағасы Франческо Коккопальмериомен, РФ Мүфтилер Кеңесінің және Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейх Равиль Гайнутдинмен, Мәскеу Патриархатының Орыс православие шіркеуінің Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы Митрополиті Волоколамск Иларионмен кездесті. Бұл туралы Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дархан Кәлетаев Ватиканның дінаралық форум қызметін дамытудағы айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Кардинал Франческо Коккопальмерионі дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін а.ж 10 қазан күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық диалог бойынша Папалық Кеңеске берген Астана халықаралық сыйлығын алуымен құттықтады.

Кардинал Франческо Коккопальмерио Қазақстанның Астанасы ерекше қонақжайлылықпен қарсы алып жатқаны үшін алғысын білдірді. Бұдан бөлек, әртүрлі діндердің өкілдері диалогқа қатысып, бейбітшілік, келісім мен толеранттылық идеяларын насихаттайтын Астана дінаралық саммитінің бірегейлігін атап өтті.

Министрдің Мүфти Равиль Гайнутдинмен кездесуінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті.

Р.Гайнутдин Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне жоғары баға берді. Кездесу барысында тараптар Ресей муфтилері кеңесі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарға көңілі толатындықтарын жеткізді. Исламдық жоғары оқу орындарының имамдары мен оқытушыларын даярлау бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Волоколамск Митрополиті Иларионмен кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдегі шіркеу саласындағы мемлекеттік диалогтың кейбір аспектілері талқыланды.

Митрополит Иларион көпжақты диалог өткізу және ұжымдық шешімдер қабылдау үшін Қазақстанның конфессияаралық форумды ұйымдастыру бастамасы әлемдік қауымдастық мүшелері тарапынан кең қолдау тапқанын және аталған шара қазіргі жаһандық сын қатерлерге берілген дер кезіндегі жауап екенін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қазіргі уақытта қалыптасқан ізгі және сындарлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *