Құқық қорғау органдарының жұмысына сапалы өзгерістер қажет екендігі айтылды

634

Парламент Сенатының депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Елбасының «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында Темір ауданында болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы Жолдауын насихаттауға ауданға арнайы келген ақпараттық топ мүшелері алдымен құрылысы жүріп жатқан «Ақтөбе-Атырау» тас жолының Темір ауданындағы участогінде болып, жұмыс барысымен танысты.

Ақпараттық топ өкілдері аудан орталығындағы «Шұбарқұдық нан» наубайханасы мен «Ардақ» көтерме сауда орталығында да болды. Жүздесулер барысында негізсіз баға өсімін болдырмау мен баға тұрақтылығын сақтауға тапсырма берілді. Сондай-ақ аудан əкімдігі, прокуратура жəне ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен де кездесу болды.

Депутаттар М.Тағымов пен М.Жұмағазиев сапар аясында Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылына барып, жергілікті халықпен жүздесті. Халық қалаулылары ауылдың тыныс-тіршілігін көріп, жасалып жатқан жұмыстарға куә болды.

Сенаторлар алдымен Тобық Жармағанбетов атындағы орта мектепте болып, ІТ сыныбының жұмысымен және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша мектептерде жүзеге асып жатқан ілкімді істермен танысты.

Ауданға сапар барысында депутаттар ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен де кездесіп, алдағы уақытта дайындалатын құжаттың мән-маңызын түсіндірді. Елбасының биылғы Жолдауындағы міндерттерге орай құқық қорғау органдарының жұмысына сапалы өзгерістер қажет екені айтылып, саланың штаттық санын оңтайландыру мәселесінде қиындықтар туындамас үшін тың көзқарас қажеттігі туралы пікірлер білдірілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *