«Латыннегізді әліпби және емле ережесі»

210

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Жыл басынан бері қаладағы балабақша, мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының қазақ тілі пәнінің оқытушылары мен А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мамандары қатысып, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша семинарлар өткен болатын. Бүгінгі күні Еміле ережесінің жобасы әзірленіп, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары жалпыхалықтық талқылауға ұсынуда. Осы ретте аталған жобаны тіл мамандары шоғырланған бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынып, журналистермен кездесуді жөн көріп отыр. Осыған орай «Латыннегізді әліпби және емле ережесі» деген тақырыпта 19 қазан күні сағат 10.00-де өтетін семинар өтеді.

Шараға латын графикасын жасауға атсалысқан ғалымдар мен Бұқаралық ақпарат құралдарында өз орны бар белгілі журналистер қатысады. Ұйымдастырушы Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *