Балалардың құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева Шымкент пен Сарыағаштың тәрбие мекемелерінде болды

283

Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Балалардың құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева Түркістан облысында және Шымкент қаласында бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Парламент Сенатының депутатының қатысуымен Шымкент қаласының әкімдігінде, білім және денсаулық сақтау басқармаларына қарасты ұйымдарда өткен кездесулерде Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды. Шараға қатысушылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен орта білім беру мекемелерінде оқу процесін жетілдіру, мұғалімдердің мәртебесін көтеру мәселелеріне назар аударды.

Сәуле Айтпаева  арнаулы балалар үйіне барып, мекеме қызметкерлерімен әңгіме барысында  мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және оңалту жағдайымен танысты.

Депутат сондай-ақ, Шымкент қаласындағы Отбасы және жастар істері жөніндегі басқарманың жанындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, оқыту және білім беру ұйымдастыру жағдайын бақылаы. С.Айтпаева орталыққа келген балалардың құжаттарымен танысып, құжаттарды заңға сәйкес рәсімдеудің маңызын түсіндірді.

 Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында аудандық және ауылдық округтер әкімдерінің, білім беру, отбасы, балалар мен жастар ісі, ішкі істер басқармалары басшыларының, басқа да мүдделі органдардың қатысуымен кездесу өтті.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол ата-аналарды, қамқоршылық кеңес мүшелерін, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін балалардың құқықтарын қорғау мақсатында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *