Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды

671

 Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында туған. Грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері.

2008 жылғы Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері.

2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған кәсіби спортшы.

2014 жылдан бері Алматы облыстық жоғарғы спорт шеберлік мектебінің директоры қызметін атақарып келген.

Талдықорған қаласының және Панфилов ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

Ал бұған дейін облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған Тұратбек Шарапиев басқа қызметке ауысына байланысты, аталған қызметтен босатылды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *