ЕЛІМІЗ 2019 ЖЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТЫНА ТОЛЫҚ КӨШЕДІ

392

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.А.Әбішевтің қатысуымен Елбасы Жолдауында қойылған цифрлық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға қатысты баспасөз конференциясы өтті.

Брифинг барысында Вице-министр 2019 жылғы 1-ші қаңтардан бастап Қазақстан медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшетінін атап өтті. Брифинг аясында медициналық ақпараттық жүйені енгізу, цифрлық сауаттылық орындарының жұмысы, базасында электронды денсаулық төлқұжаты жасалатын денсаулық сақтаудың интеграциялық тұғырнамасын өрістету және т.б. сияқты мәселелер қаралды.

Вице-министр қазіргі мезетте халыққа цифрлық машықтарды үйрететін 546 цифрлық сауаттылық орындарының ашылғандығын хабарлады. Бүгінде 6 миллионға жуық адам оқытылды.

Сондай-ақ, О.Әбішев базасында елдің медициналық ұйымдарындағы пациенттерді тексеруден өткізу мен емдеу нәтижелері, оның ішінде бұрын ауырып жазылған созылмалы аурулар, дәрілік заттарға мүмкін болатын аллергиялық реакция, тамақтану, диета және т.б. бойынша берілген ұсыныстар туралы мәліметтерді қоса алатын электронды денсаулық сақтау төлқұжаты жасалатын денсаулық сақтаудың интеграциялық тұғырнамасын өрістету туралы баяндады.

Сонымен қатар, спикер Астана қаласында 25-26 қазан аралығында мақсаты электронды денсаулық сақтауды дамыту, цифрлық инновациялар, инфрақұрылым және қауіпсіздік, мәліметтерді талдау, интеграция мен үйлесімділік саласындағы жетістіктер мен тәжірибелік шешімдерді көрсету болып табылатын «Astana Digital Health» Халықаралық ІТ-Көрмесі өткізілетінін хабарлады. Іс-шараға қатысуға ниетті азаматтар үшін барлық ақпарат www.dhastana.kz сайтында көрсетілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *