Сенатор С. Бектұрғанов Қостанайда жастар жетекшілерімен кездесті

420

Парламент Сенатының депутат Серік Бектұрғанов Қостанай қаласында жастар жетекшілерімен, үкіметтік емес ұйымдардың төрағаларымен, студенттермен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде өткен шараға осы оқу орнының басшылары мен жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы талқылаудың басты тақырыбы болды. Сенатор С. Бектұрғанов алдағы жылы ұстаздар мәртебесі туралы жаңа заң қабылданатынын атап өтті. Кездесуге қатысушылар жастар саясаты саласында өз идеялары мен ұсыныстарын айтты. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің сарапшылары өздерінің қазіргі жұмыстарын таныстырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *