Денсаулық сақтау жөніндегі Еурокомиссар Витянис Андрюкайтис Қазақстанға келеді

526

25-26 қазан аралығында Еуропалық Одақтың Денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі комиссары Витянис Андрюкайтис Қазақстанға сапармен келіп, оның барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөнінде жаһандық конференциясының жұмысына қатысады. Бұл туралы Қазақтан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ЕО Комиссары Андрюкайтис денсаулық сақтау қызметтерін жалпыға қамтуды қамтамасыз ету бойынша жоғарғы деңгейдегі пленарлық сессия мен министрлік сессиясында баяндама жасайды.

Жаһандық конференция қатысушылары Тұрақты даму мақсаттарына жетуді жөңелтуге арналған нақты іс-әрекет бойынша міндеттемелер мен Астана декларациясын қабылдайды деп күтілуде.

Комиссар Витянис Андрюкайтис «Сауықтыру емшараларына денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджеттің 80% жұмсалса, алдын ала емдеу  мақсаттарына бюджеттен тек 3% бөлінеді, бұл төмен нәтиже. Біз алғашқы  медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз қажет. Сонда шұғыл жәрдем адамның көмек алудағы ең алғашқы жүгінетін орны болып қала бермейді. Сондай-ақ, біз денсаулықты күшейту және профилактика шараларын денсаулық сақтаудың барлық секторларына ендіруіміз керек. Бұл халықтың денсаулығына оң септігін тигізіп, денсаулық сақтау жүйесіне жүктелген міндеттерді азайтуға үлесін қосады. Біз Еуропалық Одақта сын-тегеуріндерге жауап қайтару мен дұрыс бағдарламалық және инвестициялық шешімдерді  қабылдау ісінде ұлттық денсаулық сақтау мекемелердің жұмысын қолдауға бар күшімізді салудамыз», — деп атап өтті.

Сонымен қатар, сапар барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және конференцияға қатысушы басқа елдердің денсаулық сақтау министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *