«Астана» футбол клубы бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды

202

«Астана» футбол клубы бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанып, қазақ футболы тарихында жаңа жетістік шыңын бағындырды. Осыған дейін бірде-бір команда бес жыл қатарынан топ жармаған.

Футболдан 2018 жылғы маусым жеңімпазы атанған команда ХХХІ турда анықталды. Алматыда «Қайрат» «Ертіске» есе жібергеннен (0:1) кейін, елордалық команда ертерек чемпиондық атаққа қол жеткізді.

«Астана» 71 ұпаймен ел чемпиондығы атағына ие болды. «Қайратта» 61 ұпай бар. Кейінгі 3 ойында да жеңіске жеткенмен алматылық команданың ұпайы чемпион атануға жеткіліксіз.

Еурокубок ойындарында ел абыройын асырып жүрген елордалық команда 2014 жылдан бері чемпион атанып келеді. Жеңімпаз болған жүлделер саны бойынша «Ертіс» және «Ақтөбемен» теңесті.

«Қайрат» төртінші жыл қатарынан күміс жүлдеге ие болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *