Атыраулық дзюдошылар Конфедерация кубогі турнирінің жартылай финалына жолдама алды

233

Турнирдің ақтық кезеңі желтоқсан айында өтеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырауда 28 қазан күні Конфедерация кубогының «С» тобындағы іріктеу сайыстары өтті. Бұл топта Атырау облысынан өзге Алматы қаласы, Жамбыл облысы мен Маңғыстау облыстары сынға түскен болатын.
Таэквондо, еркін және грек-рим күрестерінен Алматы қаласының командасы басымдыққа ие болды. Есесіне намысқа тырысқан жарыс қожайындары, атыраулық дзюдошылар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмастан, келесі кезеңге жолдама алды.
Атыраулық дзюдошылар өткен жылы да Конфедерация кубогының жартылай финалына жолдама алып, облыс тарихында алғаш рет қола жүлдегер атанған болатын. Рашид Құлбаев пен Мейіржан Есмағамбетов бапкерлік ететін облыс құрамасы бұл нәтижелерін жақсарта түсуге жұмыстанатынын айтты.
Конфедерация кубогы – 2016 жылдан бастап спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ұйымдастыруымен қолға алынған командалық жарыс. Онда бокс, дзюдо, таеквондо, еркін күрес, грек-рим күресі және қазақ күресінен сайыстар өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 145 млн. теңге.
Айта кетейік,іріктеуден шыққан командалар желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін жартылай финалдық және ақтық кездесулерге жолдама алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *