Био қызанақ өсірілетін жылыжай ашылады

96

Поляк инвесторлары Түркістан облысында кәсіпкерліктің дамуына қомақты қаржы бөледі, деп хабарлайды kazgazeta.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

 Польша іскерлері Қазақстанның ауылшаруашылық саласына шамамен 15 млн еуро салмақ ниет білдіріп отыр. Ерекше қолға алынатын жобалардың бірі — жақын арада өңірде био қызанақ өсірілетін көлемі 11 гектар болатын жылыжай кешені ашылады деп жоспарлануда. Бұл шара Елбасы Жолдауын іске асыруда отандық өнімді халықаралық нарыққа шығару жоспарына сәйкес келеді. Поляк серіктері жобаға жоғары қызығушылық танытып, бірігіп қызмет етуге және қолдау көрсетуге, әрі агроөнеркәсіп саласында тәжірибесімен алмасуға әзір екендігін айтады.

Аркадиуш Якубчак, Орталық Еуропа мен Польшадағы «Kazakh Invest» ҰҚ өкілі:

Қазір негізінен Голландияда өсірілген қызанақтар көптеп сатылады. Енді нарыққа қазақстандық өнім шығарылатын болады. Ел үкіметі ұсынған салық саласындағы жеңілдектер бізге тиімді. Көптеген шетелдік инвестор қызығушылық танытып отыр. Қазақстанның маңында шамамен жарты миллиард адам тұрады. Олар да біздің өнімге қызығушылық танытып отыр. Ресейге жібере аламыз. Үлкен нарық зор мүмкіндік береді, — деп мәлімдеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *