ТҮРКІСТАНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

392

Түркістан қаласының облыс әкімдігінде өңірдегі терроризмге қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының тиімділігі, сондай-ақ оны жетілдіру жолдары мен  мәселелері кеңінен талқыланды, деп жазады  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында сөз алған облыс басшысы Ж.Түймебаев мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдауды міндеттеп, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі аясында қауіпсіздік шараларына қатысты тиісті тексерулер жүргізуді жүктеді.

Жиында облыс аумағындағы ауыр және аса ауыр қылмыстар мен заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған іс-шаралар баяндалды. Жансейіт Түймебаев құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының тиімділігін одан әрі жетілдіруге  бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Басқосудың қорытындысында құзырлы орган басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, алдағы мерзімге арналған арнайы шаралар жоспары жасалатынын мәлімдеді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *