«Алпамыс батыр» турнирі өз мәресіне жетті

833

«Игілік ата» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен «Алпамыс батыр» турнирі өз мәресіне жетті. Бұл шарра Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz 

 Турнирдің ашылу салтанатында облыстан  қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Айдарбеков, қоғамдық бірлестіктің құрметті президенті, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, «Түркістан» газетінің директор-редакторы М.Дәулетовтер қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
160-қа жуық спортшы қатысқан жарыста 36, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, +73 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Боз кілемдегі тартысты белдесу нәтижесінде, бірінші, екінші орын иегерлеріне қазақ күресінің спорттық киімі берілсе, үшінші орынға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жалпы командалық есеп бойынша 1-орынға Түркістан қаласы, 2-орынға Жаңақорған ауданы, 3-орынға Шымкент қаласының балуандары тұрақтады. Үздік үштік атанған командалар арнайы кубоктарға ие болды. Жастардың болашақта салауатты өмір салтын ұстануына бейімдейтін шараға жас балуандар да үлкен белсенділікпен қатысты.
«Игілік ата» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен қазақ күресі турнирімен бір уақытта Жаңақорған кентінде жыр мүшәйрасы, Отырар ауданы Шәуілдір ауылында жасөспірімдер арасында тоқызқұмалақтан турнир өткізілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *