Turkistan Architect Аwards халықаралық конкурсы басталды

269

Түркістан қаласының жаңа әлеуметтік және мәдени нысандарының концепт-эскиздерін дайындауға бағытталған «TURKISTAN ARCHITECT AWARDS» халықаралық сәулет конкурсы басталды.

Байқау Қазақстан Республикасы Премьер-министірінің бірінші орынбасары А.Маминның тапсырмасы бойынша Қазақстанның рухани-мәдени орталығының дамуына импульс беретін бірегей сәулеттік шешімдер әзірлейтін халықаралық және отандық сәулетшілерді қатыстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Конкурс қатысушылар  бір ай көлемінде 15 жоба бойынша толыққанды сәулеттік эскиздер әзірлеуі керек. Қатысушылар осы жобалар аясында сәулеттік идеяларын негіздеумен бірге нысандардың тағайындалу мақсатын да анықтауы тиіс. Яғни ежелгі Түркістанның мәдениетін бойына сіңірген бірегей сәулеттік идеясы бар, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени нысандарға келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ең заманауи тиімді шешімдері мен технологиялары бар жұмыстар үздік деп танылмақ. Жаңа нысандар арқылы Түркістан бүкіл орталық Азия бойынша туристер ең көп келетін қалалардың біріне айналуы тиіс.

«TURKISTAN ARCHITECT AWARDS» халықаралық сәулет конкурсы 2018 жылдың 26 қазанынан бастап 2018 жылдың 26 қарашасына дейінгі кезеңде өтеді. Қатысушылар конкурстық нысанның әр санатына арналған техникалық тапсырманың барлық талаптарына сәйкес концепт-жоба дайындауы қажет. Қатысушыларға  айрықша шарттар және талаптармен шектеу көрсетілмейді, әрбір қатысушының өз шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға және негіздеуге толық еркіндік беріледі.

Жеңімпаздарға  өз номинациясында ақшалай сыйлық табысталады  және жеңіске жеткен жобасын жобалауға эксклюзивті келісімшарт жасасу мүмкіндігі беріледі.

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *