Қапланбек аграрлық-техникалық колледжі рухани жаңғырудың жаңа сатысына көшті

846

Қапланбек аграрлық-техникалық колледжінің жастары ұлттық құндылықтарды игеріп, рухани жаңғырудың жаңа сатысына көшті. Түркістан облысының Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында 5 орта арнаулы оқу орындар бар. Осы білім ордаларының ішінде өзіндік орны бар, білікті де білімді жастарға толы мекеме ретінде Қапланбек аграрлық-текникалық колледжін атауға болады. Аталған оқу орны  1929 жылы 27-қарашада құрылған. Осы уақытқа дейін Еліміздің өсіп көркейуіне үлес қосқан азаматтар шыққан бұл оқу орнында 1300-жуық студент білім алады. Оқу орнында білімнің негізігі құралы болып табылатын кітап қоры да жеткілікті. Кітапханада жалпы кітап қоры 65 мыңға жуық, атап айтар болсақ, Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына және академик Арзанбек Ақтаев ағаларымызға арналған бұрыш жұмыс жасайды. Оқу орнында жастарға зертеу жұмыстарымен айналысуға барлық жағдай жасалған. Сондай мүмкіндіктің бірі — «Қысқы бақ». Жастар бұнда өзінің зертеулік жұмысын жасап гүлдерді будандастырып жаңа түрлерін және Елімізде өспейтін өсімдіктерді Сарыағаш жеріне жерсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ерекше айта кетерлігі, «Қысқы бақта» 100-жуық гүлдер және «Інжір» шабдалысын өсіруді қолға алған. Сондай-ақ, студенттер лимонның 2 түрін өсірумен жұмыс жасап жатыр. Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде жастардың рухани байлық сыйлау үшін, бос уақытын тиімді пайдалану үшін арнайы «Ұлттық мұражай» және «Рухани жаңғыру» кабинеті жұмыс жасайды. Бұнда жастардың өз қолымен жасаған бұйымдары және көне археологиялық заттар қойылған. Колледжде «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды. Оның ерекшелігі, үйірмеде жастар ұлттық өнерімізге сай   той-думандарға арналған тойбастар жасауда. «Рухани жаңғыру» кабинетін осыдан 44 жыл бұрын бітірген түлектер «Туған жер» бағдарламасының негізінде ашып берген болатын. Кабинеттің ашылуына «Ордабасы» құс фирмасының директоры, облыстық маслихат депутаты Мұрат Тағаев атсалысқан. Колледжде 5 жыл бұрын ашылған оқу орының тарихын баяндайтын арнайы музейі де ашылған еді. Музейдің ең басты байлығы — Шәмші Қалдаяқовтың отырған партасы сақталған. Бұл партаның өзіндік тарихы жастарға әрдайым рух берген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *