«Мемлекеттің құрылуы. ІХ-ХХІ ғасырлардағы Латвия сәулеті. Латвияның танымал жерлері мен нышандары» көрмесі өтеді

594

2018 жылғы 1 қарашада сағат 16:00-де Қазақстандағы Латвия Республикасы Елшілігі егемен мемлекеттің құрылуының 100 жылдығына орайҚазақстан Республикасы Ұлттық музеймен бірлесіп ұйымдастырған «Мемлекеттің құрылуы. ІХ-ХХІ ғасырлардағы Латвия сәулеті. Латвияның танымал жерлері мен нышандары» көрмесі салтанатты түрде ашылады. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» РМҚК Ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметі хабарлайды.

Көрмеге әртүрлі сәулеттік стилдерді көрсететін Латвияның көрікті орындары мен бірегей сәулеттік сызбаларының жүзден астам фотосуреттері қойылады. Латвияның мыңжылдық сәулет өнері тарихында әрбір ғимараттың өзінің жеке символдық орны бар. Бұл Реформация дәуіріндегі көне соборлар, соғыстар мен революцияға төтеп берген дворяндар сословиесінің сарайлары, тұрғын үйлерге айналдырылған ескі фабрикалар болмақ. Қайта қалпына келтірілгеннен кейін, картина галереялары және кітапханаларға айналған қамалдардың фотолары заманауи мәдениет пен ұлттық мұраны да көрсетеді. Көрмеден Бүкіләлемдік ЮНЕСКО мұраларының тізіміне енген ағаш ғимараттары және модерн стиліндегі ескі қаласы бар астана Риганы ғана емес, сонымен қатар шет аймақтағы қалалар мен елді мекендерді де тамашалауға болады. Латвияның жас сәулетшілері Ольгертсу Крауклису және Дайна Даннеберга Астанадағы Тың игерушілер сарайының жобасын жасаған.

Аталған көрме Еуропалық мәдени мұралар жылына сәйкес, Латвия Республикасының жүз жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл шарадан Латвияның ғасырлар бойы Еуропалық геосаяси кеңістіктегі оқиғаларға байланысты қарым-қатынасын да көруге болады. Латвиядағы арнайы белгіленген орындар мен нышандар жергілікті халықтың тарихынан айқын мәлімет береді.

Көрме 2019 жылғы 3 қаңтарға дейін созылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *