Алматы қаласында Наурызбай ауданы әкімінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

564

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Тоғай Санжар Әділұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Наурызбай ауданы қаламыздың оңтүстік батыс бетінде орналасқан, шығысында Әуезов және Бостандық аудандарымен, батысында Алматы облысы Қарасай ауданымен, оңтүстігінде Іле Алатау паркімен, солтүстігінде Алатау ауданымен шектеседі.

Наурызбай ауданы 2014 жылдың 2 шілдесінде әкімшілік бірлік болып құрылды. Наурызбай ауданына көлемі 6967 гектар жерді қамтитын Алматы облысынан 11 ауылдық округтер және Әуезов ауданының Қалқаман 1,2,3,4 шағынаудандары кірген. Статистика органдарының мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі ақпаратына сәйкес, тұрғындар саны 125 440 адам.

Ауданның салық түсімдер 4 жыл ішінде 391 млн (2014 жыл) теңгеден 6,4 млрд теңгеге (2017 жыл) дейін өсті, соның ішінде ЖБ 301 млн теңгеден 4 млрд теңгеге дейін және РБ 90 млн теңгеден 2,4 млрд теңгеге дейін.

Ағымдағы жылғы 10 ай бойынша салық түсімдерінің сомасы 6,3 млрд теңгені құрап, өсу қарқыны 124%. Салық түсімінің жылдық жоспары 7 млрд теңге. Жылдық өсу қарқыны 111%.

Жыл басынан бері жаңадан 15 937 салық төлеуші субъект тіркелген: жеке тұлға 14 383, заңды тұлға 469, жеке кәсіпкер 1 085.

Қазіргі уақытта ауданда тіркелген заңды тұлғалардың саны — 2 145, жеке кәсіпкерлер — 5 530.

Ауданда жалпы 21 шағын өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс атқарады. Ауданның өнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыты бетон өнімдерін, құрылыс материалдарын және ағаш өнімдерн өндіру болып табылады.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларына 3 млрд 797 млн теңге соммасын құрады, физикалық көлем индексі 103,4 %.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32,9 млрд теңгені құрап, 2015 жылдан бері 4 есеге артқан (2015 ж. 7 млрд. тг.)

Аудан құрылғаннан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 7 есеге өсіп, 1 238 жетті, 3 376 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Наурызбай ауданы тұрғындары 50% сумен қамтамасыз етілген, оның 30% қалалық жүйе, 20 % — жеке су ұңғымалары. Қалған 50% Ақсай және Қарғалы өзендеріндегі ашық су тоғандарынан пайдаланып отыр.

Аудандағы су құбырының жалпы ұзындығы 356 шақырым: оның 246 шақырымы орталық желілер, 110 шақырымы – таратушы желілер; кәріз құбырының ұзындығы – 114 шақырым. Бұл аталған желілер 50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келгендіктен қазіргі уақытта едәуір тозығы жеткен (60-80%). Сондықтан жеткізіліп отырған су сапасы өте төмен.

Ағымдағы жылы аудандық апаттық қызмет бөлімінің күшімен 316 жер астынан орын алған апаттық жағдай және 118 су құбыры құдығында орын алған апаттық жағдай қалыпқа келтірілді.

«Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен Қалқаман-1,2,3 және Алты-Алаш шағынаудандарын сумен және кәріз құбырымен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 123 шақырым су және 80 шақырым кәріз құбырының құрылысы жүргізілді.

Су жетіспеушілігі орын алған мерзімде аудан әкімі аппараты «Алматы су» МКК бірлесе отырып арнайы су тасығыш көліктер арқылы су жеткізу жұмыстарын ұйымдастырады.

Ағымдағы жылы жаз маусымында Ақжар шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында Д-80 мм ұзындығы 1,2 шақырым Таусамалы шағынауданы Жандосов көшесі арқылы уақытша су құбыры жүргізілді.

Электр желілерінің тозу көрсеткіші бүгінгі күнде 60-70% құрайды. Аудан аумағында 512 трансформатор қондырғысы бар, электр желілерінің жалпы ұзындығы 678,2 шақырым.

Электр желілерінің таратылу сапасын жақсартуда бюджет есебінен Ақжар станциясы құрылысының 2 кезеңі аяқталды. Бұл станцияның құрылысы алдағы уақытта Наурызбай ауданын сонымен қатар, Бостандық және Әуезов аудандарын электрмен қамтамасыз ететін болады.

Аудан аумағында жалпы ұзындығы 288,9 шақырым құрайтын 348 көше бар. Аудан құрылған уақыттан бері жалпы ұзындығы 144,3 шақырым құрайтын 211 көшеге асфальт жабындысы төселді, соның ішінде ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 32,7 шақырымды құрайтын 41 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Асфальт төсемімен жабдықталған көшелердің үлесі 60,3 % — дан артты, 2014 жылы бұл көрсеткіш 25% -ды құрады. Ауданның көптеген көшелерінде инженерлік желілердің болмағандығына және баубақша бірлестіктерінің кондоминиум нысаны болуына байланысты асфальт жабындысы жүргізмейді.

4 жыл ішінде 42 көшеде 54,2 шақырым құрайтын сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы жүргізіліді. (1723 жарық шамдары көше бойында және 375 шам аула аумағында).

Қазіргі уақытта сыртқы жарықтандыру желілері 348 көшенің 89 көшеде (3914 шам) орнатылған. Пайыздық қатынаста ауданның көшелері 25 % қамтылған.

2017 жылы 153 га аумағында 2,4 млрд теңгеге 1,2 шақырым құрайтын Абай даңғылы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды.

Төрт жыл ішінде жалпы ұзындығы 70,864 шақырым құрайтын 70 көшеде жаяу жүргінші жолдары салынды. 2018 жылы 15,671 шақырым құрайтын жаяу жүргінші жолдары салынды, ал 2019 жылы 14 шақырым жоспарлануда. Аудан аумағы жаяу жүргіншілер жолдарымен 20,1 % қаматылған.

Аудан құрылған кезде арық жүйелері 19 шақырым құрайтын 24 көшеде ғана болса, қазіргі уақытта 52 көшеде жалпы ұзындығы 55,2 шақырымды құрайтын арық жүйелері бар, яғни 4 жыл ішінде 28 көшеде 36 шақырым құрайтын жаңа арық жүйелерінің құрылысы жүргізілген.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына арық жүйелерінің жаңа құрылысын қажет ететін 30 көшеге жалпы ұзындығы 28,8 шақырым құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тапсырыс жолданды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2015-2016 жылдары 28 аула аралық аумаққа көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы жұмыстар 17 аулаға жасалып, пайдалануға берілді. Дәл осындай жұмыстар ағымдағы жылы жалғасып, 6 аула көріктендірілді. Сонымен қатар, 2019 жылға 20 ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Аудандығы газ құбырының ұзындығы 662,4 шақырым құрайды, тұрғындардың 95% газбен қамтамасыз етілген.

Аудандағы 186 көп қабатты тұрғын үйлердің 73-і орталық жылу жүйесіне қосылған тұрғындардың саны 13 635 –тен асады, қалған 64 көп қабатты тұрғын үй автономды қазандықтар арқылы және 49 үй жеке электр пештері арқылы жылытылады.

2018 жылғы 9 айдың қорытындысына сәйкес, Наурызбай ауданында 1730 құқық бұзушылық жасалды (қаланың аудардарының арасында ең төмен), ал олардың ашылуы деңгейі 44,8 пайызды құрайды (қаланың аудардарының арасында ең жоғары).

68 ауыр және аса ауыр қылмыс жасалды (қаланың аудардарының арасында ең төмен), ал олардың ашылуы деңгейі 73,9 пайызды құрайды (қаланың аудардарының арасында ең жоғары).

Бүгінгі күнде ауданымыздағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарының саны 13 175 құрап отыр, оның 7 845 зейнеткер, 5 330 жәрдемақы алушылар.

Ауданымызда 1,2,3 топтағы жалпы мүгедектер саны – 1 680 адам, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны — 301. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жыл баснан бері әртүрлі әлеуметтік көмек түрлері бойынша 1 261 тұрғын жүгініп, оның 792-нің өтініштері толыққанды қаралды.

Бүгінгі күні ауданда 3381 баланы қамтитын 64 мектепке дейінгі білім мекеме жұмыс істейді.

— 2 мемлекеттік – 495 бала;

— 62 жекеменшік балабақша – 2963 бала.

Биыл 581 балаға арналған 14 жекеменшік балабақша ашылды және жылдың соңына дейін 6 балабақша ашу жоспарда бар.

Ауданда 15 256 оқушыны қамтитын 15 мектеп бар. Оның:

— 9 мемлекеттік – 13 729 бала (4-мектеп-гимназия, 4-ЖББМ, 1-мектеп интернат);




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *