Шардаралық тұрғындар әлеуметтік желі арқылы жемқорлық фактілерін айта алады

49

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Шардара аудандық филиалында аудан тұрғындарының арасында жеке қабылдау өткізді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz  агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалым Сұлтанұлының жеке қабылдауына аудан және елді-мекендерден 3 тұрғын қатысып, өз сұрақтарын қойды. Оларды қызықтырған басты мәселелер негізінен мемлекеттік қызмет атқарудағы өзгерістерге байланысты болды, яғни факторлы-баллды шкала, бонус, штат қысқарту, уәкілетті органдарға мемлекеттік жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты мән-жәйді сқұрастырды. Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына заң талаптары на сай жауаптар беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде әрдайым ашық екенін жеткізді. Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты. А

31 қазан күні  Департамент басшысының жеке қабылдауы алғаш рет «Skype» бейнебайланысы арқылы өткен болатын. Алдағы уақытта бұл жұмыстар ай  сайын жалғасатын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *