Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік шара өтті

318

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес «Түркістан-Шымкент» тас жолы бойында рейдтік шара ұйымдастырылды. Оған көліктік бақылау инспекциясы автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Елдос Асқарбеков, автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы Сапарғали Бөбешов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және жол-патрульдік полициясы қызметкерлері қатысты.

Арнайы ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты — заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және шағын автобус көліктерінің жұмысын қадағалау, заңсыз тасымалға тосқауыл қою және заңдастыру болып табылады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған игі шара тұрақты түрде әр айда екі-үш рет өткізіледі, ал тоқсаны мен жылына үш-төрт рет өткізілуі жолға қойылған. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігінің бас маманы Әлмұхаммет Сейдмұхтардың айтуынша рейд барысында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі» 571 бабы 2-тармағы бойынша қоғамдық көліктерге 8 әкімшілік хаттама түзілді. Бұған дейін рейд жұмыстары Арыс қаласы, Қазығұрт, Сарыағаш, Жетісай, Созақ аудандарында тоғыз рет ұйымдастырылған. Келесі кезекте бұндай жұмыстар тұрақты түрде өткізіліп, облыстың басқа да аудан-қалаларында жалғасын табатын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *