«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайырымдылық концерті өтеді

427

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 2018 жылы 3 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Забота» қарттар үйінде «Халық музыкасы факультеті» студенттерінің қатысуымен өтетін қайырымдылық концертін ұйымдастырмақ.

Концерттік бағдарламада қазақтың дәстүрлі ән-күй, жыр-термелері және қазақстан композиторларының шығармалары домбыра, қобыз, баян аспаптарында орындалмақ.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқу орны студенттерінің қатысуыман жылына бірнеше рет Алматы қаласындағы қарттар үйі, балалар үйі, ардагерлер үйі сияқты мекемелерде және мүгедек, зағип жандар қауымдастықтарында қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып тұрады.

Қатысушылар:

* Жеңісбек Қарымсақов (баян);

* Бекзат Сәбиғанов (домбыра);

* Әнуар Құрманғали (домбыра);

* Нұрболат Неғматов (домбыра);

* Әміржан Бекниязов (дәстүрлі ән)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *