Ақмола облысының өнеркәсіп секторындағы капиталдың шамамен 70% игерілді

233

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мәлік Мырзалин ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының аясында Ақмола облысының негізгі жетістіктері туралы, сондай-ақ 2018 жылдың 9 айдағы қорытындылары бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

«Ағымдағы жылы барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсу үрдісі қамтамасыз етілді. Ақмола облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,7% -ға артып, 200 млрд. теңгеден асты. Олардың ішінде нақты өнеркәсіп секторындағы капиталдың шамамен 70% игерілді», — деді Мәлік Мырзалин.

Аймақтық экономиканы әртараптандырудың негізі индустриализация болып қала береді. Биылғы жылы өнеркәсіптік кәсіпорындар технологиялық жаңғыртуға белсенді инвестиция жасауда, жыл басынан бері 1,8 есеге өсіммен олар 52 млрд. теңге игерді. Қазіргі таңда 20 астам өнеркәсіп компаниялары өндірісте цифрлық технологияларды қолдануда. Жолдауда экспортқа бағытталған индустрияландырудың рөлі атап өтілді. Облыста индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша енгізілген 81 жобаның 27-і экспортқа бағдарланған, мұнда олардың барлығы өңдеуші секторға тиесілі. Оларға «Capital Projects Ltd» (құс еті), «Үш Бұлақ», «ҚазГеркус» (тауық жұмыртқасы), «Aстанаa Агропродукт» (шұжық өнімдері), «Көкшетауминводы», «Көкше Цемент» және басқалары кіреді.

Мемлекет басшысы инновациялық және сервистік секторларды — альтернативті энергетиканы, биомедицинаны, блокчейнді және басқаларын дамыту міндетін қойды. Степногорск қаласында Ұлттық биотехнология орталығының филиалы және «BIOTRON Group» ЖШС бар. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында Өңірлік ғылыми-зерттеу технопаркі құрылды. Өткен жылы Целиноград ауданында Big-Data орталығы ашылды. Ерейментау, Аршалы, Целиноград және Зеренді аудандарында баламалы энергетика дамып келеді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту өңірлік экономиканың жүргізушілерінің бірі болып табылады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Ақмола облысындағы астықтың жалпы түсімі 5,6 млн. тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 13 центнер.

Биылғы жылы мал шаруашылығында зәкірлік қуаттылықты дамыту бойынша ынтымақтастықты енгізудің арқасында жемшөп алаңдарының сыйымдылығы 10 мыңға дейін өсті. Бес жылдың ішінде зәкірлік шаруашылықтарда 16 мың орынға арналған 700-ден астам ет фермасы құрылады. Сүтті мал шаруашылығында 1000-нан астам ірі қара малға 18 отбасылық сүт-тауарлы фермасы құрылды. Осы бағытта жұмыс жалғасуда. 7 000 бас сүт табынына арналған 5 ірі СТФ салу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығын қайта өңдеу салаларында үлкен көлемдегі инвестициялар игерілуде. Жыл басынан бері осы салаға 19 млрд. теңгеден астам (өсім 7,3 есе) жіберілді, бұл республикалық көлемде 25% (жалпы Қазақстан бойынша инвестициялардың көлемі 76,8 млрд. теңге) құрайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *